Колледждiң қызметi - Екібастұз қаласының ИНЕУ колледжі

Перейти к контенту

Главное меню:

Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжі туралы

1. Жалпы ережелер

     Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжі 2007жылы тамыз айында құрылды.
     Меншік түрі-жеке
     Колледжде 10 мамандық бойынша кадрлар даярлайды.


0901000 «Электрстанциялардың электр жабдықтары, кішістанциялар жәнежелілер» (түрлерібойынша)
0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салаларбойынша)
1304000 «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» (түрлерібойынша)
0516000 "Қаржы” (салаларбойынша).
0201000 «Құқықтану»
0105000 «Бастауыш білім беру»
0101000 «Мектепке дейінгі білім беру жәнетәрбиелеу»
0111000 «Негізгі орта білім беру»(қазақтілі мен қазақәдебиетіпәнініңмұғалімі)
0401000 «Кітапханаісі»
0518000 «Есепжәне аудит» (салаларбойынша)

     2009 жылы қосымша білім беру орталығы ашылды:

- Қысқа мерзімді мамандар даярлау;
- Мамандарды қайта даярлау;
- Біліктілікті арттыру.

     Контингент

2012-2013 оқу жылында 11 сыныптан кейін оқушыларды қабылдау «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша 32 ада қабылданды, олардың 15 адамы 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығына мемлекеттік тілде , ал 17-сі мемлекеттік тілде емес топқа 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығы бойынша оқуға түсті. Сырттай және күндізгі бөлім бойынша оқушылар контингенті 2012 жылдың 1 қазанында 1128 адам санын құрады, яғни өткен жылдан 117 адамға, 2011 жылдан 734 адамға артқанын көрсетеді.

3. Акмеология, қазақстан құқығы және өлкетану курстарын енгізу туралы мәлімет.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 2012 жылдың 10 шілдесіндегі «Қазақстанныңәлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламасында нақтылыланғанміндеттерді iске асыру мақсатында 2012-2013 оқу жылдарынан бастап оқу жылындағы вариативті, факультативті, консультациялық сағаттардың есебінен «Қазақстан құқығы» (12-20) сағат (2-4 курстарға),«Өлкетану»- (12-20) сағат (1-2 курстарға), «Жеке және әлеуметтік жетістіктер, акмеология негіздері» -(12-20 сағат) –(3-4 курстарға) міндетті оқу курстары енгізілді.

4. Даму қарқыны

Колледжде «Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінің 2012-2015 жылдарға арналған стратегиялық кешенді бағдарламасы» әзірленіп, 2012 жылдың 1 қыркүйек №1 педагогикалық кеңесінде қабылданды.

Берілген бағдарлама Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы талаптарына сәйкес білім сапасын арттыру мен жаңғыртуды қамтамасыз етуге жағдай тудыруға бағытталған бағдарламалар қатарын біріктіреді.

Инновациялқ Еуразия университетінің Екібастұз колледжінің қызметкерлеріне, оқушыларына, инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне, халықаралық және кәсіпкерлік әріптестеріне арналған, сонымен қатар 2012-2015 оқу жылдарына арналған бағдарлама келесі қағидаларға негізделеді:

     1. Нақтылық, түсініктілік, мақсатының анықтылығы;

     2. Еңбек нарығындағы барлық өзгерістерге уақтылы әсер ету, мақсатының тиімділігі;

     3. Нақтылығы, мақсатының орындалуы;

     4. Жұмыс нәтижесін үнемі жақсарту.

Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі өз алдына мынадай стратегиялық мақсат қояды:

     1. Заманауи технологиялар және бiлiмді рейтингтік бағалауды білім беру үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру;

     2. Колледждің педагогикалық ұжым құрамын аттестаттау, тағылымдама, біліктілікті арттыру курстары негізінде ғылыми және педагогикалық біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету.

     3. Студенттер мен оқытушылардың ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, білім беру үдерісіндегі барлық деңгейдегі сайыстарға қатысуды, әріптестік келісім-шартын жасасуды, ғылыми-әдістемелік басылымдардың жариялану санын арттыру.

     4. Сапа менеджментiнiң жүйесiн жоспарлауға қызметкерлердi үйрету негізінде қызметшiнiң лауазымды мiндеттерін ынталандыру есебiнен атқарушылық тәртiбiн орындауды жоғарылату.

     5. Студенттер мен оқытушылардың салауатты өмір салтын ұстану, патриоттық тәрбиені қалыптастыру үрдісінде мәдени, сауықтыру шараларына қатысуларын арттыру.

     6. Колледждің инфрақұрылымын жаңа қрал-жабдықтар есебінен жетілдіру.

     7. Кәсіби бағдарлық шаралар санын арту арқылы жиын өсімін арттыру.

     Инновациялық Еуразия университетiнiң Екiбастұз колледжi сапа менеджменті жүйесiн дамытуға барлық күштi бағыттауға ұмтылады. Бiз стратегиялық мақсаттарды iске асыру үшiн жастардың зияткерлiк қажеттiлігін есепке алып материалдық базаны құрып, жетiлдiремiз,тәжірибе базасын дамытуды қамтамасыз етемiз, колледж қызметкерлерінің біліктілігін көтеремiз, өндiрiстегі мамандардарды оқытушылар ретiнде жұмылдырамыз. ҚР білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттамларын, колледждің құрылымдық бөлімшелерін аккредитациялау, лицензиялау талаптарын есепке ала отырып, бағдарламаға толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін.

Колледждiң қызметi

Колледж туралы > Колледж ақпаратты
 
 
Назад к содержимому | Назад к главному меню