Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Материалдар

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы ЖАРЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу бойынша іс - шаралар жоспары

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал

 

Қазақстан Республикасы  президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды. Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, орыс тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесі бар. Ұлттық валютасы – теңге.

Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын,  ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және  азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.  

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.  Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады, олардың тоғызын Қазақстан халықтары Ассамблеясы сайлайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. Қазіргі уақытта Мәжілісте үш партия бар - «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан Коммунистік халық партиясы.

Еліміздің әкімшілік-территориялық құрылымына 14 облыс және республикалық маңызы бар 2 қала енеді.

Қазақстанның халық саны 17 млн адамнан асады. Этникалық құрылымы қоғам, 2009 жылғы ұлттық санақ бойынша келесідей: қазақтар - 63,07%, орыстар - 23,7%, өзбектер - 2,85%, украиндықтар - 2,08%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,28%, немістер - 1,11%, басқалар - 4,51%.

Территориясы 2 млн 724,9 мың шаршы шақырым, еліміз әлем бойынша көлемі жағынан тоғызыншы орында орналасқан. Солтүстік пен батыста республиканың Ресеймен – 7 591 км (әлемдегі ең ұзын үзіліссіз шекара), шығыста Қытаймен – 1 783 км, оңтүстікте Қырғызстанмен – 1 242 км, Өзбекстанмен – 2 351 км және Түркменстанмен – 426 км ортақ шекарасы бар. Құрлық жолды шекараның ұзындығы - 13 200 км.

Қазақстан - Әлемдік мұхитқа шығатын тура бағыты жоқ, әлемдегі ең ірі ел. Ел территориясының үлкен бөлігін шөл құрайды – 44%, жартылай шөл – 14 %. Қазақстан жерінің 26% жазық алып жатыр, орман 5,5%. Елімізде 8,5 мың өзен бар. Каспий теңізі акваториясының солтүстік-шығыс бөлігі республика аймағынан шығып жатыр. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасына бөлінген. Қазақстанда 48 мың үлкен және кіші көл бар. Олардың ішіндегі ең ірісі – Балхаш, Зайсан және Алакөл.  

Еліміздің минералды-шикізат базасы 5 мыңнан аса кен орнынан тұрады, олардың межелі құны он триллион долларға бағаланады. Республика  цинктің ерітілген қоры, вольфрам  мен барит бойынша бірінші орында, күміс қорғасын мен хромит бойынша екінші орында, мыс пен флюорит бойынша үшінші орында, молибден бойынша төртінші орында, алтын бойынша алтыншы орынды алады.

Сонымен қатар Қазақстанның батыс облыстарында орналасқан мұнайгаз ресурстары бар (дәлелденген мұнай қорынан әлем бойынша 9 орында). Осыдан басқа республика көмір қоры бойынша 8 орынды, уран қоры бойынша 2 орынды алады.  

Қазақстан бидайды экспорттаушылардың әлемдік жетекші ондығына енеді және ұнды экспорттауда көшбасшылардың бірі болып табылады. Солтүстіктегі 70% егістік жерге бидай егеді және техникалық дақылдар алып жатыр: бидай, арпа, тары. Еліміздің оңтүстігінде күріш, мақта өсімдігін, темекі өсіреді. Қазақстан бақшасымен де танымал, онда жүзім және бақша дақылдары бар. Ауыл шаруашылығының жетекші бағытының бірі мал ұстау болып табылады.

Басты экспорттық тауарлар өндірілетін, жанармай-энергетикалық, металлургиялық және химия өндірісі, сонымен қатар бидай дәні индустриясы  болып табылады. Республиканың негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қытай, Еуропа мемлекеттері және ТМД.

Еліміздегі экономиканы диверсификациялау үшін ескі жетілдіріліп, жаңа кәсіпорындардың ашылуы арқылы индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы табысты іске асуда.

Қазақстан «Жаңа Жібек Жолы» көлемді жобасын жүзеге асырады, ол континентті байланыстырушы басты арна ретінде еліміздің тарихи рөлін жаңартуы қажет, оны аймақтағы ірі іскерлік және транзиттік хабқа – Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік ерекшелігі бар көпірге айналдыруы керек. 2020 жылға қарай республика арқылы транзиттік жүк тасу көлемі 2 есеге артуы қажет.  

2014 жылы мемлекет Басшысы индустриалдық, әлеуметтік, логистикалық инфрақұрылымды жетілдіретін, Қазақстан аймақтарын магистралдық жолдармен қосатын, көлемді инфрақұрылымдық құрылыс «Нұрлы жол» бағдарламасын жариялады.

Қазақстан Бес халықтық реформаны: кәсіптік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық өсім мен индустриализация, тұтастық пен бірлікті, есеп беруге міндетті мемлекетті қалыптастыруды іске асыру мақсатындағы тамырынан қайта жасауды қарастыратын «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыра бастады.

Елді көлемді түрде әлеуметтік жетілдіру іске асуда – жаңа мектептер, кәсіптік колледждер мен университеттер салынуда, заманауи медициналық клиникалар мен ауруханалар ашылуда, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жаңартылуда.     

Қазіргі уақытта республикада 130 этнос өкілдері өмір сүріп жатыр, этникааралық қарым-қатынастың үйлесімділігі бойынша кеңес беру – мәжіліс органы  - Қазақстан халықтары Ассамблеясы табысты жұмыс істеуде. Астанада жүйелі түрде дәстүрлі және әлемдік діндер көшбасшыларының Съезі өткізіледі. 

Орталық Азияда көшбасшы болып табылатындықтан, республика аймақтың тұрақтылығын нығайту үшін зор үлес қосады. Ел әлемдік аренада да үлкен табыстарға жетті. Оған Қазақстанның ЕҚЫҰ -дагы төрағалығы және осы беделді халықаралық ұйымның 2010 жылғы желтоқсан айында Астанада өткізген Саммиті дәлел болады.   

Елдің маңызды бастамасы ЕҚЫҰ-ның азиядағы аналогы – АӨСШК жобасын іске қосу мен дамыту болды. Қазақстанның ИЫҰ - әлемдегі жетекші ислам ұйымының төрағасы ретіндегі жасампаз қызметі жағымды пікір алды. Ел жаһандық антиядролық қозғалыстың танылған көшбасшысы болып табылады.       

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі болып табылады. Экономиканың барлық салаларының тұрақты түрде өсуі, халықаралық деңгейде танылу, саяси тұрақтылық қазақстандық қоғамның гүлденуіне негіз болды. Қазақстан – бұл заманауи қозғалыстағы әлемде өзінің мәдени дәстүрлерін сақтаған және орасан жасампаз әлеуетін табысты жүзеге асырып отырған, болашаққа қадам басқан ел.       

Осы жылы еліміздің маңызды мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланады

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың арқасында Қазақстан алғашқы рет әлемдік қауымдастық мойындаған заң жүзінде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды. Бұл ғасырлық оқиға - халқымыздың көптеген ұрпақтарының  арманы мен үмітінің орындалғанының нәтижесі.    

Қазақстан 25 жылдық егеменді дамуында әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енді, 2030 Стратегиясын уақытынан бұрын іске асырды, 2050 Стратегиясын, «100 нақты қадам: баршаға арналған заманауи мемлекет» ұлт жоспарын жүзеге асыра бастады.

Бүгінгі Қазақстан – ТМД елдерінің арасындағы даму мен жаңашаландырудың көшбасшысы.

Астана Саммитіндегі, Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік Ұйымындағы триумфалды Төрағалық, Ислам Конференциясы Ұйымындағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық, Азиядағы сенім шарттары мен өзара іс-әрекет жөніндегі, Еуразия экономикалық одағындағы мәжіліс – бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың парасатты және тиімді саясатының арқасында мүмкін болған ұлы әрекет.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаудың негізгі мақсаты – мемлекеттікті әрі қарайнығайту, «Мәңгілік ел» құндылығы аясында барлық қазақстандықтардың шоғырлануы мен халық бірлігі болып табылады.

- Тәуелсіздіктің 25 жылындағы Қазақстанның табысы мен жетістіктерін көқрсету;

- әрі қарай табысты даму үшін қазақстандық қоғам бірігуінің өзегі болып табылатын «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарының алға басуы;

- тұтастық пен бірлігін нығайту;

- еліне деген мақтаныш сезімді нығайту;

- еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің басты стратегиялық міндеті - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін іске асыруға тарту.

 

2016 жылғы 10 ақпаннан бастап 25 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған тарих білімпаздарының  қашықтықтан өткен «Қазына» облысаралық конкурсы өтті. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құқық және бизнес колледжі болды. Интеллектуалдық ойын-конкурсқа қатысу үшін Қазақстан колледжері арасынан 28 команда өтінім ұсынды. Қатысушылардың көбі Солтүстік шығыс аймақтан келген команда өкілдері.

Біздің колледждің «Ертіс» командасының құрамына үш студент енді:

Садыкова Айдана – СМС-224 тобынан, Риза Нұрлыбек –Ф-323 тобынан және Солдатхан Ансагуль – КиЛ-215 тобынан.

Команда жетекшісі – Малгаждаров Куат Алибекович, қоғамдық пәндер оқытушысы, мәдениеттану магистрі.  

Конкурс 3 кезеңнен тұрды:  

10 ақпанда өткен 1 кезең «Беймәлім беттің сырын аш» (қашықтықтан) деп аталды. Командалар Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының әр түрлі кезеңдері бойынша электрондық презентация дайындау қажет болды. Презентация ұзақтығы 15 минуттан аспау керек. Ал 2016 жылғы 15 ақпанда колледждің электрондық мекенжайына бірінші кезең қорытындысының хаттамасы жіберілді, соған сәйкес 28 колледждің ішінен екінші кезеңге біздің колледждің «Ертіс» командасымен қоса алғанда 15 команда өткен.

18 ақпанда өткен 2 кезең «Тарихи тұлғаны таны» (қашықтықтан) деп аталды. Командалар Қазақстан Республикасының кез келген мемлекеттік қайраткері, тарихи, саяси тұлғасы туралы бейнеролик дайындау керектігі туралы тапсырма алды.  22 ақпанда біздің команданың финалға өткендігі  және бес команданың ішінде бірінші орынға үміткерлердің қатарында бақтарын сыныйтыны белгілі болды.

25 ақпанда 13.00-ден 13.30-ға дейін өткен 3 финалдық кезең «Тарих білімпаздарының конкурсы» деп аталды. Бұл кезең On-line түрде өткізілді. Командалар өздері таңдап алған тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берді. Жауапқа бөлінген уақыт – 20 секунд. Шарттары қатал конкурста қатты толқыса да, біздің қатысушылар барлық сынақта өздерін лайықты көрсете білді.    

Сол күні кешке ИнЕУ колледжінің командасы  тарих білімпаздарының  қашықтықтан өткен «Қазына» облысаралық конкурсында жеңімпаз атанып,    І дәрежелі дипломға ие болғандығы және «Тарих білімпаздары» құрметті атағын алғандығы белгілі болды. Команда жетекшісі  Малгаждаров Куат Алибекович Шығыс Қазақстан облысы білім Басқармасының Алғыс Хатымен марапатталды.

 Біз колледжіміздің командасын және команда жетекшісін шын жүректен жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Сіздің ұжымыңыз сізді мақтаныш етеді және жаңа жетістіктер тілейді.

«Торттағы шаңырақ бейнесі – Қазақстан Республикасында тату, әрі бақытты болып тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің ортақ үйі, Отанымыздың белгісі» екендігін айтты.   

Осы конкурсқа қатысудан және бақылаушы болудан жағымды әсер алуға болады, себебі формасы, өлшемі, түрі мен дәмі әр түрлі торттарды күнде кездестіре бермейсің. Павлодар колледждерінің студенттері ұсынған аспаздық үздік туындылар Қазақстан Республикасының 25 жылдығы тақырыбымен ортақтастырылды.  

Біздің аспаздардың қарсыластары Технологиялық колледж, сонымен қатар Сервис және  тамақтану колледжінің студенттері болды. Қызу тартыстың нәтижесінде колледжіміздің экономикалық бөлім студенттерінің   аспаздық туындылары 4 орынды иеленді.

2016 жылғы 14 және 15 сәуірде Инновациялық Еуразия университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Инновациялық Еуразия университетінің 25 жылдығына арналған ҚР КҒА «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» XLII ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.

Бұл конференцияның мәртебесі халықаралыққа жақын, себебі оған Қазақстанның алты облысынан келген қонақтар ғана қатысып қана қоймай, Ресей қалалары: Омбы, Кемерово қалаларынан да келген қатысушылар бар. Арқалық, Шахтинск және Риддер қаласынан көптеген командалар келді.

Жүлделі орындарға талас қызу түрде өтті. Дегенмен біздің колледждің үш студенті өз оқу орнына жеңіс алып келді.

СМС-224 тобының студенті Кундакпаева Сагыныштың (жетекшісі Секербаева С. Ж.) «Жеміс-көкөніс өнімдеріндегі нитраттар және пестицидтер» тақырыбындағы ғылыми жұмысы 3 орынға ие болды. «Кибертерроризм қазіргі қоғам қаупі ретінде және оның белгілі ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жұмыс та 3 орынға ие болды. «Кибертерроризм қазіргі қоғам қаупі ретінде және оның белгілі ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасымен 3 орынды жеңіп алған - «Құқықтану» мамандығының студенті Нежеря Юлия (жетекшісі Тулебаева Г.М.). Тағы бір СМС-224 тобының студенті Садыкова Айдананың (жетекшісі Малгаждаров К.А.) «Сұлтанбет сұлтанның қазақ хандығының аймақтық тұтастығын сақтап қалудағы орны» тақырыбындағы ғылыми жұмысы 3 орынды иеленді.

Қуаныштысы «Үздік ғылыми жұмыс» конкурсының жеңімпаздары тізімінде де біздің студент Садыкова Айдананың аты бар. Оның ғылыми жұмысы «Қоғамдық ғылымдар» бағыты бойынша құрметті 3 орынға ие болды, ал жұмыстың жетекшісі Малгаждаров Қ.А. ИнЕУ ректорының Алғыс грамотасымен марапатталды.     

ИнЕУ колледжінің ұжымы өзінің жеңімпаздарын құттықтайды, жаңа биік жетістіктер тілейді!

 

 

 

 


« Қараша 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қазір 572 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211