Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Жаңалықтар

2020 жылдың 18 ақпанында жоғары санатты оқытушылар Ж. Ю. Шадрина мен Г. К. Агасьянц Ф-228 тобында "Қаржы , несие, банктер" және "Кәсіби шетел тілі" пәндері бойынша кіріктірілген ашық сабақ өткізді.

Ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті - хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 175  жыл толуына орай 2020 жылдың ақпанның 12 күні Инновациялық Еуразия университетінің  Екібастұз колледжінде «Өлең- сөздің патшасы» атты әдеби – музыкалық  кеш өтті.  Қазақ әдебиетінің классигі, философы – Абайдың өмір жолы мен әдеби туындыларымен таныстырып, насихаттау, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, оның қолданыс аясын кеңейтуге қомақты үлес қосуды көздеген мерекелік кешті  колледж  оқытушылары  Кожахметова Тұрсын Рашиденовна мен Қылышпекова Қарлығаш Төлеубековна  ұйымдастырды.

              

          Әріптестеріміз Бағдат Маратқызы Сағындықова мен Тұрсын Рашиденқызы Қожахметованы Қазақстан педагогтары қауымдастығы ұйымдастырған "Тәуелсіз Қазақстанның үздік мұғалімдері" Республикалық байқауына қатысып алған "Егемен еліміздің үздік ұстазы" ордені марапаттарымен құттықтаймыз.

            "Қаржы" мамандығының 26 студенті "Перспектива плюс" инновациялық орталығының ұйымдастыруымен экономика пәні бойынша "Бәрін білгім келеді" атты халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

ІIІ  Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Эврика» өткізілді

             Бүгін  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында   Инновациялық Еуразия университетінің  Екібастұз колледжінде  Павлодар облысы Білім беру басқармасының қолдауымен «Эврика» атты ІIІ  Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.  

 Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады:

-          «Тарих. Мәдениет » 

-          «Экономика. Құқық »

-          «Көптілділік. Заманауи білім беру саласы»

-          «Техникалық, инженерлік ғылымдар мен  технологиялары»

-          «IТ  технологиялары»

 

"Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым" тақырыбындағы үшінші республикалық эссе байқауына қатысты

       ИнЕУЕК студенттері орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы Тұрсын Рашидқызы Қожахметованың жетекшілігімен "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған "Бір күнде бір жақсылық жасайық" республикалық акциясы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаменті ұйымдастырған "Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым" тақырыбындағы үшінші республикалық эссе байқауына қатысты. Республикалық эссе байқауына қатысқан мыңға жуық адамның ішінен  біздің  1 курс студентіміз  Панкратова Анна алғыс хатқа ие болды, Аннаға  шығармашылық  жетістіктерің көп болсын дегіміз келеді.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»-ЖАҺАНДЫҚ МАҢЫЗДЫ ЖОБА»

        «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»-ЖАҺАНДЫҚ МАҢЫЗДЫ ЖОБА» облыстық байқауы 2019 жылдың 22 қарашасында "Өрлеу" БАҰО "АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өтті.  Жобаларды  қорғау кезеңіне  барлығы 45 жұмыс жіберілді. ИнЕУ Екібастұз колледжінің оқытушысы Қылышпекова Қарлығаш Төлеубекқызы  "Қазақстанның киелі орындарын брендтеу және оларды жылжыту" бағыты бойынша  жобасын сәтті қорғап, «Ізденемпаз ұстаз» номинациясын жеңіп алды.

 

"Мың бала" республикалық жобасы өтті

      Павлодар қаласында 2019 жылы 11 қарашада "Мың бала" республикалық жобасы аясында "Асыл сөз"байқауының облыстық кезеңі өтті. Жоба ұлттық рухани құндылықтарға: ұлттық мәдениет, дәстүр және салттар  арқылы әр түрлі этникалық топтардың жастарын қазақ тіліне оқыту үдерісінде   қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған.

V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

                 Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінің 15 студенті 2019 жылдың 8 қарашасында Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдау қоры" қоғамдық қоры мен Инновациялық Еуразия университеті  ұйымдастырған "Қазіргі заманғы ғылым: прогреске қадамдар" атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсенді қатысқаны үшін кубокпен марапатталды

 

         Елге марапаттармен оралды

            Біздің оқытушылар мен студенттер түрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар сайысына белсене қатысады.  2019 жылдың 31 қазаны  мен 2 қараша аралығында Ресейдің Санк-Петербург  қаласында "Қазақстан балалары шексіз әлемде" атты оқушылар мен студенттерге  және   "Оқу үрдісіндегі заманауи оқыту технологиялары" атты педагог мамандарға арналған  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті.

Page 1 of 10


« Сәуір 2020 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қазір 2757 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211