Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Тіл – достықтың құралы

   Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі аясында  5-20 қыркүйек аралығында «Тіл – достықтың құралы» атты  айлық өтті.

   Бекітілген жоспар бойынша колледжіміздің  арнайы пәндер оқытушылары, кітапханашы Ж.Б. Медеуова, студенттеріміз  түрлі  мерекелік шаралардың өтуіне ат салысты. Сонымен қатар барлық іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде өтті.

   Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің қажеттілігі  туралы айтып өткеніндей   «Латын қарпіне көшу – заман талабы» тақырыбында әр топта сынып сағаттары өткізілді. «Алаш Орда» фильмінің көрсетілімі  мен  «Бір ел  - бір кітап» акциясы бойынша Н.Келімбетовтың шығармашылығына арналған «Үмітімді үзбеймін » атты  кеш өте әсерлі болды.

  «Мың бала» жобасы негізінде  тіліміздің мәртебесін арттыру,қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін бойына сіңіру мақсатында студенттеріміз  әдет-ғұрыптардан үзінділер   көрсетіп, дәстүрлі әндер орындады.

     Қазақтың рухани кемеңгерлері, ойшылдары, білім мен бостандықтың жолындағы қажымас күрескерлері – Абай, Махамбет, Мәшһүр Жүсіп аталарымыз бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр.

Ендеше осы бабаларымыздың шығармашылығы бойынша мәнерлеп оқу сайысында тіл жанашырлары өлеңдерін жатқа оқып, өткір ойлар мен құнды пікірлерін ортаға салса, жас ақындарымыз өз шығармашылығынан туындыларын орындады.

    Ұлттық құндылықтың бірегейі ана тіліміздің танымдық, рухани қызметін таныту, бірнеше тілде сөйлеу біліктілігіне бағдарлау мақсатындағы «Полиглот- это звучит модно!»  атты  сайысы жоғары деңгейде өтті деуге болады.

  Оқытушылар  арасында  ұйымдастырылған «Тіл білгірі» сайысының нәтижесінде  1-орынды  Л.С.Авдиенко , 2-орынды  Д.Ж.Кусаинова

 3-орынды  Ф.А.Тюгумбаева  иеленді. 

   «Тіл- достықтың құралы» атты  тілдер айлығының жабылу салтанатында білімімен, өнерімен  жоғары көрсеткіш көрсетіп, жүлделі орын иеленген студенттеріміз колледж әкімшілігі мен ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хатпен» марапатталды.

 

Г.К.Кабенова – арнайы пәндер оқытушысы

ЕKИнЕУ колледжі.

 


Защитный код
Обновить


« Қараша 2018 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қазір 643 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211