Версия для печати

Жас ақындар айтысы

    ИнЕУ Екібастұз колледжінде студенттердің бос уақытын қамту,студенттер арасында жас таланттарды анықтау және жас таланттарға дұрыс бағыт беру мақсатында«Қаламгер» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жұмысының нәтижесі ретінде 2018 жылдың 7қарашасы күні Елбасының жолдауына орай «Рухани жаңғыру-табысты ел болу шарты» атты колледждегі жас ақындар айтысы өткізілді.«Қаламгер» үйірмесінің жетекшісі, айтыс ұйымдастырушысыколледждің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Абдраимова Айжан Ғалымжанқызы.

 

    Сахна тақырыпқа сай ұлтымыздың ою-өрнекті түскиіздеріменбезендірілді.Сахнаны безендіруге Екібастұз қаласының қолөнершісі, қалалық мұражайда үнемі көрмесі өтіп тұратын, тіпті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі арқылы аты әлемгебелгілі болған Төлегенова Злиха апақол ұшын берді.

    І   с шарада НОБ-415 тобы студенті Авайхан Жұлдыз бен ИЯ-326 тобы студенті Газизова Аружан өз жандарынан шығарған, республикалық сайыстарда жүлделі бірінші орынға ие  болған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Соңынан НОБ-217тобы студенті Мирзабаев Мейірбек және НОБ-317 тобы студенті Таңатар Оралхан айтысқа түсіп, суырып салмалық өнерлерімен тыңдармандарын тәнті етті. Айтыс көрермендердің көңілінен шыққаны сондай, екі ақын да бірдей жүлделі болды. Айтыс қорытындысы бойынша ақындардың жеңгені 2 мақалды жалғастырып, өлең шығаруы керек еді.Осы тапсырманы жас ақынның екеуі деорындады.


Защитный код
Обновить