Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Көптілділік

Көптілділік (9)

.

Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2019 11:44

"Мың бала" республикалық жобасы өтті

Автор

"Мың бала" республикалық жобасы өтті

      Павлодар қаласында 2019 жылы 11 қарашада "Мың бала" республикалық жобасы аясында "Асыл сөз"байқауының облыстық кезеңі өтті. Жоба ұлттық рухани құндылықтарға: ұлттық мәдениет, дәстүр және салттар  арқылы әр түрлі этникалық топтардың жастарын қазақ тіліне оқыту үдерісінде   қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған.

 

Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2019 11:33

Елге марапаттармен оралды

Автор

Елге марапаттармен оралды

       Біздің оқытушылар мен студенттер түрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар сайысына белсене қатысады.  2019 жылдың 31 қазаны  мен 2 қараша аралығында Ресейдің Санк-Петербург  қаласында "Қазақстан балалары шексіз әлемде" атты оқушылар мен студенттерге  және   "Оқу үрдісіндегі заманауи оқыту технологиялары" атты педагог мамандарға арналған  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті.

 

25.10.2019 ж. халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

        Он бірінші рет ақынның атын иеленген Павлодар мемлекеттік университетінің қабырғасында дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Осы конференцияға Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысып, Кабдуллинова Аделя,  Магашова Жулдыз,  Бабич Анастасия  және  Камалова Мунажат сертификаттармен марапатталды.  Сонымен қатар колледж оқытушылары  Г. П. Чекурда және Л. Б. Рашиеваның ғылыми мақалалары "ПМУ хабаршысы" журналында басылу үшін қабылданды.

 

Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2019 10:49

Конференция 2019 Астанада

Автор

Конференция 2019 Астанада

      Жыл сайын Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің студенттері "Қазақстан-Ресей: шекарасыз ғылым" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады.

      2019 жылдың 28 қыркүйегінде біздің студенттер Кабдуллинова Аделя, Камалова Мүнажат, Магашова Жұлдыз Нұр-сұлтан қаласында "Ағылшын тілі мен әдебиеті", "Қазақ әдебиеті", "Өлкетану"секциялары бойынша ғылыми жұмыстарын қорғады. Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушылар 1-жүлделі орынға ие болды, ал Кабдуллинова Аделя мен Камалова Мүнажат "Ұлы дала ұрпақтары" медаліменмен марапатталды.  Ғылыми жетекшілері: Шадрина Ж.Ю., Кылышпекова К.Т., Абдраимова А.Г.

"Тәуелсіздік тірегі - тіл" атты тілдер апталығының қорытынды кеші өтті

        Колледждегі қазақ және басқа ұлт өкілдерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу, студенттердің сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту, ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу мақсатында "Тәуелсіздік тірегі - тіл" атты тілдер апталығының қорытынды кеші өтті. Студенттер өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, қазақтың ұлттық биін шабыттана орындады. НОБ-218, НОБ-317,АТ-218, ИЯ-327, ББ- 218 топ студенттері ерекше белсенділік танытты. Студенттерге біліммен қатар, саналы тәрбие беретін оқу ордасында бұл бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек.

 

“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысы

        2019-2020 оқу жылы 12 қыркүйекте "Қазақстан ұлттарының Тілдер" мерекесіне орай 1-3 курстар аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" тіл сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: "Сөз мәйегі-мақал" дегендей, ата -бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сайыс алты бөлімнен тұрды. Үш топ сайысқа белсене қатысып, білімдерін көрсете білді. Жеңіске жеткен топтар марапатталды.

«Латын қарпіне көшу заман сұранысы» - семинар

 


     Қазіргі кезде қоғамдағы саяси, экономикалық қатынастардың өзгеруімен байланысты мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қайта бағалау жөнінде әр алуан ой-пікір айтылып жатыр. Мұндай қоғамдық пікірлердің ең бір үлкен арнасы қазіргі жазуымызды түбегейлі реформалау дегенге саяды. Осыған орай ИнЕУЕК-те колледж әдіскері Ж.С.Ильясованың басшылығымен НОБ-416 тобы "Латын қарпіне көшу - заман сұранысы" тақырыбында Тілдер күніне арналған апталық шеңберінде колледж оқытушыларына арнап семинар өткізді. Семинар тың ақпаратымен, жүйелілігімен жоғары деңгейде өтті.

 

Ағылшын шығармашылығы бойынша фестиваль

      Тілдер апталығы аясында колледж студенттері үшін түрлі іс-шаралар өтті. ИЯ-129, АТ-218 және ИЯ-327 топтарының қатысуымен "Festival of English Creativity" атты іс-шара өтті. Іс-шара британдық және американдық орындаушылардың шығармашылығына арналды. Студенттер Ed Sheeran, Vance Joy және Lil Nas X және т. б. сияқты ағылшын тіліндегі әндердің кавер-нұсқаларын орындады.

“Тіл – қазына” интеллектуалдық сайыс

         Тілдер айлығы аясында 1 курс студенттері арасында "Тіл - қазына" атты  зияткерлік сайыс өтті.  Бірнеше турдан тұратын сайыстарда студенттер өз білімдерін көрсете білді. П-129 тобының командасы жеңімпаз атанды. Сайыс "Əн шашу" турымен аяқталды.


« Тамыз 2020 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қазір 219 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211